АҚШ-та азаматтық белсенділер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та азаматтық белсенділер шеруге шықты

28.01.2023

АҚШ-та полицейлердің соққысынан кейін ес жимастан көз жұмған афро-америкалықтың өлімі халықтың наразылығын тудырды. Оқиға Теннеси штатының Мемфис қаласында 7 қаңтарда болған еді. Полиция патрулі 29 жастағы Тайри Николсты көлікті қауіпті айдағаны үшін тоқтатуға тырысқан. Алайда, жігіт талапқа құлақ аспағасын, артынан қуып, ұстап алады. Сол жерде сақшылар оны өлімші етіп сабаған. Тайри ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болады. Болған оқиғаның бейнежазбасы кеше жарияланды. Бұл кадрларды көрген тұрғындар полицияның әрекетін сынға алды. Жігітті аяусыз ұрған 5 полиция қызметкері қамауға алынды. Оларға Тайри Николсты абайсызда өлтірді деген айып тағылып отыр. Азаматтық белсенділер бұл оқиғадан кейін елдегі полиция жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп шеруге шықты.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу