Мысыр астанасы Каирдан перғауындар қабірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысыр астанасы Каирдан перғауындар қабірі табылды

27.01.2023

Мысыр астанасы Каирдан 20 шақырым жерде 4300 жыл бұрын жерленген перғауындардың қабірлері табылды. Олардың жанына ер адам мен әйелдің және баланың мүсіні мен саздан жасалған ыдыстар, саркофагтар қойылған.

Тағы бір айта кететін жайт, қабірлердің бірінің қабырғасына сол замандағы тіршілікті бейнелейтін суреттер салынған. Ал, осы археологиялық қазба жұмыстарының жетекшісі Захи Хавастың мәлімдеуінше, Саккара баспалдақты пирамидасының астындағы тереңдігі 15-метрлік шахтадан Гекашепес есімді адамның мумиясы да табылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу