Украинаға танк жіберуге келіскен елдердің саны 12-ге жетті. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, олардың қатарында АҚШ, Германия Британия, Польша, Норвегия мен Канада тәрізді мемлекеттер бар.
Жалпы алғанда Киев "Леопард-2"-нің 100 данасына қол жеткізбек. Ал Ресейдің бірнеше басылымының мәлімдемесіне сай, "Германия аталған танкілерді Украинаға беру арқылы қақтығыстың қатысушысына айналды. Кремль де Киевке қару-жарақ жеткізіп жатқан НАТО мен Батыс елдерінің әрекеттерін қақтығысқа тікелей қатысу ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы