Берлиннің Бранденбург әуежайында 300-дей авиациялық рейс доғарылды. Соның салдарынан алдын-ала билет алып қойған 35 мыңға жуық жолаушы сапарға аттана алмады. Бұның бәріне әуежайдың 1500 қызметкерінің ереуілі себеп. Олар жалақыны кемінде 500 еуроға көтеруді талап етіп отыр. Алайда осы терминалдағы басқарушы компания алдағы екі жылда жұмысшылардың айлығын 5 пайызға ғана өсіруге келіскен. Ал Германияда инфляция биыл 6 пайызға көтеріледі деген болжам бар.
Арыстан Рысбек