Алматыда жұмыс күндері жолаушылар легі 1,5 млн адамға жетеді. Ал демалыс күндері 700-800 мың. Тиісінше мегаполисте қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі байқалады.
Соңғы уақытта автобустардың келу уақыты да біршама ұзарған. Қалалық әкІмдіктің мәліметіне сүйенсек оған жолдағы түрлі жағдайлар себеп болып отыр. Бүгінгі таңда қала маңындағы елді мекендер мен шаһарды жалғайтын бағыттарда жолаушы ағыны көп. Тиісінше өткен жылы 22 жаңа маршрут ұйымдастырылған.
Қазір Алматыны қоса алғанда 2 мыңнан астам автобус жолаушы тасымалдайды. Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, өткен айда жолаушы тасымалымен айналысатын жеке компаниялар 100 автобус сатып алған. Биыл қала әкімдігі тағы 300 автобус пен 100 троллейбус және 150 газбен жүретін автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, бұл қордаланған мәселені шешуге сеп болады.
Нұрсұлтан Тілектес