Қарағанды облысында 92 медициналық-санитарлық нысан салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 92 медициналық-санитарлық нысан салынады

25.01.2023

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысында 92 медициналық-санитарлық нысан салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің жергілікті тұрғындармен кездесуінде айтылды. Ажар Ғиният облыстағы медицинаға қатысты өзге де өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

Биыл ел бойынша ауыл-аймақтарда 309 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Соның 21-і Қарағанды обылысынң Шет ауданына қарасты елдімекендерде салынады. Себебі мұндағы медицина ғимараттарының көбі ескі, талапқа сай емес. Қызылқой ауылындағы сондай бір көне ғимаратта жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің қазіргі жағдайын министр арнайы барып көрді.

Гүлнар Түсіпбай, Қызылқой ауылдық медициналық пункт мейірбикесі:

Стандартқа сай келмейді. Бұл - 1970 жылы салынған ғимарат. Осында 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Көмірмен кәдімгідей пеш жағылады, ішетін, қолданатын суымыз да тасымал. СЭС үнемі біздің нысан талапқа сай келмейді дейді. Сондықтан бізге жаңа мекеме керек болып тұр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу