Ақмолада әскери қызметкер екі баланы өрттен аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолада әскери қызметкер екі баланы өрттен аман алып қалды

24.01.2023

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Сарыкөл ауылында әскери қызметші жанып жатқан қос пәтерлі тұрғын үйдің ішінен екі баланы алып шықты.

Көршісінің үйі өртеніп жатқанын көрген Әділхан Қазыбай көп ойланбастан оқиға орнына қарай асыққан. Ол отқа оранған үйге жеткенде ішінде екі балам қалды деп жылаған ананы көрген. Бүлдіршіндерді аман алып қалу үшін терезені сындырып, жалындаған оттың арасынан 7 және 3 жастағы баланы алып шықты. Бірер минуттан соң газ баллоны жарылып, үйдің төбесі опырылып түскен. Балаларды құтқарып қалған сержант Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери бөлімде қызмет атқарады. Қазір ол еңбек демалысында.

Әдліхан Қазыбай, ҚР ҰҚК 01068 әскери бөлімінің кіші сержанты:

7 жасар қызы бұрышқа тығылып қалыпты. Сол тығылған жерден тауып алдым. Ес-түссіз жатыр екен. Ол қызды апарып көтеріп бердім. Терезеден анасы күтіп алып, көрші үйге алып кетті. Екінші баланы қолыма телефонымды ұстап, жарығын жағып, іздей бастадым. Ол да бұрышқа қарай тығылып қалыпты. Талып қалыпты. Оны да терезеге қарай көтеріп апардым.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу