19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 12 миллионға жуық адам қатысып, дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Ең көп сайлаушылар Түркістан облысында. 1 млн 177 мың. Ал электорат саны ең аз аймақ Ұлытау облысы. 138 мыңнан аса адам сайлауға қатыса алады. Егер де азаматтар өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде дауыс беруді қаласа, онда 17-ақпанға дейін әкімдіктерге өтініш беруі керек. Ал 4 наурыздан бастап сайлаушыларды учаскелер бойынша тізімі көпшілікке қолжетімді болмақ. Кез келген адам оны алдын-ала тексере алады. Комиссия өкілдерінің айтуынша, бұл саяси дода кезінде 10 мың 215 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дегенмен, олардың саны науқан жақындаған тұста өзгеруі де әбден мүмкін.
Шерхан Жамбылұлы