Шахмат секцияларының саны 2 есе артады - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахмат секцияларының саны 2 есе артады - Президент

23.01.2023

Жеңіске жету үшін спортшыларымызға қолдау керек. Мәселен, елімізде шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Арнайы секциялар санын 2 есеге, яғни 7 мыңнан 14 мыңға көбейту көзделіп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Тимур Турлов айтты. Шахмат федерациясының президенті осы спорт түрін дамыту туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктерін жоғары бағалады. Елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді, дейді Президент.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу