Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: 100-ге жуық адам өтінім берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: 100-ге жуық адам өтінім берген

23.01.2023

Бүгін басталған шетелдік автокөліктерді заңдастыру процесі Алматыда да қызу жүріп жатыр. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек. Қазірдің өзінде 100-ге жуық адам өтінім берген. Мегаполисте көлігін заңдастырған алғашқы азамат - Сейілбек Олжабеков. 39 жастағы қала тұрғыны 2019 жылы Армениядан темір тұлпар әкеліп, осы кезге дейін жолаушы тасымалымен айналысқан. Бірақ, көлігімнен айырылып қалам ба деген үрей үнемі маза бермейтін еді дейді ол. Көлігімен бүтін бір отбасыны асырап жүрген көп балалы әке жалғыз табыс көзін сәтті рәсімдеп алғанына қуанышты.

Сейілбек Олжабеков, қала тұрғыны:

Қалай болар екен тдеп уайымдадық. Оңай ақшаға келген жоқ мұның бәрі. Осындай жеңілдік беріп отыр, осы жеңілдікті мүмкіндігінше пайдаландық. Көңілдімін. Толқып тұрмын шынымды айтсам. Қуанып тұрмын бір жағынан.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу