Таразда базардағы өрт кезінде 90 кәсіпкердің тауары жанып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда базардағы өрт кезінде 90 кәсіпкердің тауары жанып кеткен

23.01.2023

Тараздағы базарда болған өрт кезінде 90-ға жуық кәсіпкер шығынға батқан. Тілсіз жаудан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан көмек беріледі. Ал олардың кәсіп үшін алған несиелерін төлеу мерзімін кейінге шегеру немесе уақытша тоқтату бойынша банктермен келіссөздер жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі кәсіпкерлермен кездескенде айтты.

Естеріңізге саламыз, өткен жұма күні шаһардағы «Ақсай» шағын базары отқа оранып, 44 сауда дүңгіршегі жанып кетті. Осы төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Нақты шығын көлемі әлі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болды.

Бақытжан Орынбеков, қала әкімі:

Тараз қаласы бойынша барлық базарларда бұл проблема бар. Күнделікті төтенше жағдай департаментімен біз жұмыс жасап жатырмыз. Бір ай өткен жоқ, осы мәселені талқылап өзіміздің ұсыныстарды бердік. Бүгінгі жағдай проблеманың бар екенін көрсетіп отыр. Бірақ не деген сөз, болашақта осындай жағдайға жол бермей, осы бағытта жұмыс жасауымыз керек. 

Нұрсұлтан Болатұлы

Хабарламаларға жазылу