Таразда дәмхана өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда дәмхана өртенді

01.07.2022

Таразда тағы бір дәмхана өртке оранды. Қызыл жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 42 өрт сөндірушісі мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға кеше кешкі уақытта болған. Тілсіз жау Әл-фараби көшесіндегі мейрамханаға жапсарлас орналасқан дәмханадан тұтанған. Жедел жеткен төтеншеліктер өртті дер кезінде сөндіріп үлгерді. Салдарынан дәмхананың шатырынан бастап, біраз бөлігі жанып кеткен. Қазір онда арнайы мамандар өрттің шығу себептері мен шығын көлемін анықтап жатыр. Зардап шеккен тұрғындар жоқ.


Хабарламаларға жазылу