Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы жиырма мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қылмыстық іс құжаттарында департамент басшысының қызметін уақытша атқарушы бұл қаражатты жабдықтарды уақытылы жеткізбеген мердігерден қабылдап алу актісін толтырып беру үшін алды делінген. Күдікті Астана қаласы сотының үкімімен ұсталып, қамауға алынды.
Серік Селеубайұлы