Сапалы теңгерімді саяси модель құрылады – сарапшы пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы теңгерімді саяси модель құрылады – сарапшы пікірі

20.01.2023

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Бұл қазіргі сын-қатерлерге төзімді әрі сапалы теңгерімді саяси модель құруға бағытталған. Сарапшылар пікірі осындай. Бастысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы іс жүзінде жүзеге асады.

Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

Мәжілістің жұмысында белсенділік пайда болады деп есептеймін. Бір мандатты округтер бойынша сайланатын депутаттар арасында бәсеке болатыны сөзсіз. Сондықтан, Мәжілістің жаңа құрамы өзгеше жасақталады. Партияларға да халықтың сенімі артады. Бұл – Президент ұсынған саяси реформалардың бір тармағы. Және ол жүзеге асып, саяси-қоғамдық өмірге оң өзгерістер әкеледі деп ойлаймын.

Қуаныш Сайла, сарапшы:

Мәжілістің жұмысына менің ойымша, бір мандаттық округтан шығатын депутаттардың жұмысы әсер етуі мүмкін. Әркім өз өңірінің проблемасын көтереді. Және ол тек қана сол өңірде қалмай ұлттық деңгейге шығатын болады. 

Жомарт Симтиков, саясаттанушы:

Бүгінгі таңдағы саяси аренаға көтерілген 7 партия арасында бәсекелестік болады. Енді партия аралық күреспен қатар мажоритарлық жүйе арқылы жеке азаматтар да өздерінің ұсыныстарымен, белсенділігімен саяси аренада көріне алады. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу