Қостанайдағы орман өрті: Бірнеше лауазымды тұлға жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы орман өрті: Бірнеше лауазымды тұлға жауапқа тартылды

20.01.2023

Қостанай облысында өткен жазда болған алапат орман өртіне байланысты бірнеше лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Оларға өз қызметіне салғырт қарады, қауіпсіздік шараларын сақтамады деген айып тағылды. Мысалы өрт шыққан күні ауа температурасы 38 градусқа көтеріліп, қатты жел соғып тұрған. Ұзақ уақыт жаңбыр жаумағандықтан құрғақшылық та жоғары болған. Бұл өрт қаупінің бесінші деңгейіне жатады. Мұндай жағдайда орманда барлық жұмыстар тоқтап, техниканың кіруіне тиым салынуы тиіс. Орман шаруашылығының қызметкерлері осы талапты орындамаған. Соның салдарынан орманға кірген трактордың мұржасынан ұшқын атып, соңы алапат өртке айналған.

Қымбат Чайпарова, Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Тек өрт шыққан аумақтағы ғана емес, облыстағы барлық орман шаруашылықтары тексерілді. Көптеген кемшіліктер анықталды. «Басаман» орман шаруашылығының директорының орынбасары, орманды қорғау инженері, басқарма басшысының орынбасары, орман шаруашылығы бөлімінің басшысы тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды. «Басаман» орман шаруашылығының директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды.


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу