Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты

20.01.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен түріктің «Гап Иншаат» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында Ченгель Азиз компания республикадағы инвестицияларын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Көкшетау қаласында Жылу Электр Орталығын салу жобасының болашағы зор. Премьер-Министр Түркия Республикасы Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан Үкімет өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті. Бұл ретте Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көкшетауда Жылу Электр Орталығын салу жобасы бойынша ашықтық пен бәсекелестік қағидаттарымен ашық тендер өткізетінін, оған барлық әлеуетті инвесторлар қатыса алатынын айтты.


Ерболат Серікбай

Хабарламаларға жазылу