Мәжілістің тарауы – Президент реформасының жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің тарауы – Президент реформасының жалғасы

20.01.2023

Қазақстанда саяси аренаға 7 партия шығып отыр. Бұл олардың арасындағы бәскелестікті күшейте түспек, дейді саясаттанушылар.

Сарапшылардың пікірінше, Мәжілістің тарауы бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы бастаған реформасының жалғасы. Президент осылайша әділетті Қазақстан құрудың алғашқы қадамын жасап отыр. Жуырда өткен Сенат депутаттарының сайлауы оған айқын дәлел. Қолға алынған саяси реформалардың арқасында елімізде еркін демократиялық қоғам құрылмақ.

Жомарт Симтиков, саясаттанушы:

Бүгінгі таңдағы саяси аренаға көтерілген 7 партия арасында бәсекелестік болады. Енді партия аралық күреспен қатар мажоритарлық жүйе арқылы жеке азаматтар да өздерінің ұсыныстарымен, белсенділігімен саяси аренада көріне алады.

Алмас Айтмұқаш, қала тұрғыны:

Біз әділетті Қазақстанды құруымыз керек. Біз заң үстемдігін орнатуымыз керек деді. Міне, бүгін соның бір айғағы ретінде, реформаның жүзеге асуы деп ойлаймын. Саяси науқанда жаңа тұлғалардың шығуына үлкен септігін тигізеді. Бұл реформаның әрі қарай жалғасы. Партиялар бір сарынды емес.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу