Оңтүстік Кореяда алапат өрттен 40 үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда алапат өрттен 40 үй жанып кетті

20.01.2023

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде алапат өрт шықты. Оттының неден тұтанғаны да әзірге белгісіз. 

Оқиға бүгін таңертең болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 500-дей адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, 40 шақты үй күлге айналды. Ал өрт сөндіруге 140 маман тартылды.

Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу