Батыс елдері Украинаны қаруландыруды жалғастырып жатыр.
Өткен тәулікте Пентагон Киевке тағы 2 жарым миллиард доллардың көмегін беретінін жариялады. Жаңа пакетке «Страйкер», «Брэдли» тәрізді брондалған әскери машиналар кіреді. Ал Эстонияда Еуропа елдерінің қорғаныс министрлері кездесті. Онда Ұлыбритания, Франция, Дания, Латвия, Эстония тәрізді елдер Украинаға жүздеген ракета, артиллериялық қондырғылар, дрондар, тікұшақтар, оқ-дәрілер, зеңбіректер және тағы басқа арсенал жөнелтуге уағдаласты. Бүгін осы елде «Рамштайн» форматында 50 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, онда Украинаға немістің әйгілі «Леопард» танктерін беру мәселесі де талқыланады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған наразылық білдіріп, Батысты Украинаны «анти-ресейлік» елге айналдырып жатыр деп айыптады.
Сергей Лавров, РФ Cыртқы істер министрі:
Батыс Украинаны абстрактілі түрде ғана емес, шын мәнінде «антиресейлік» мемлекетке айналдыру амбициясын жүзеге асыруға тырысты. Олар тіпті Ресейдің аумақтық тұтастығына күмән келтіруді мақсат етіп отыр. Бұлар шектен шығып барады. Естерін жияды деп үміттенемін. Болмаса, біз НАТО мен Еуропа одағындағы әріптестеріміздің есін жидыру үшін барлық шараларды қолданамыз.
Арыстан Рысбек