Қытайда коронавирусқа шалдыққандар азая бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирусқа шалдыққандар азая бастады

19.01.2023

Қытайда коронавирус жұқтырып, ауыр халге түскендер саны шарықтау шегіне жетіп, енді азая бастады. Мұны бүгін Бейжіңде өткен баспасөз маслихатында осы елдің денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері хабарлады. Алайда сәрсенбі күні мемлекет басшысы Си Цзиньпин медициналық мекемелері нашар ауылдық жерлерде ковидтің тарауына ерекше алаңдайтынын мәлімдеді.

Британияның «ЭйрФинити» аналитикалық орталығының болжамынша, Қытайда қаңтардың 13-нен 27-не дейін коронавирусқа шалдыққандар саны 63 миллионға жетпек. Бұған қоса, мұнда алдағы бір аптада күн сайын осы аурудан 36 мың адам өлуі мүмкін.

Тағы бір айта кететін жайт, қаңтардың 21-де Қытайда шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі басталып, екі миллиардтай сапар жасалып, коронавирус тіпті өршиді деген болжам айтылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу