Отандық телевизия жаңа арнамен толықты. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті. Тәулік бойы үш тілде хабар тарататын арнаның мақсаты: этносаралық бірлік пен келісімді нығайту. Эфирде Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңалықтары, мәдени ойын-сауық бағдарламалар, елдегі этномәдени бірлестіктердің арнайы жобалары көрсетіледі. Жалпы, телеарна өткен жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қазақтелеком» компаниясының платформасында iD TV – кабельдік теледидар пакетінде таратылады. Сондай-ақ «TV+» мобильді қосымшасында қолжетімді.
Саида Үкібаева, «Ассамблея ТВ» телеарнасының бас продюсері:
Қазіргі таңда өзіміздің жеке жобаларымыз бар. Ол «Этно news» - Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарымен халықты хабардар етеміз. Этностардың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихын көрсететін арнайы жоба бар. Сонымен бірге, қыз-келіншектерге арналған «Асхана», балаларға арналған ойын-сауықтық бағдарламалар көрсетіледі.
Асылбек Данияр
