Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасында 520 метр тереңдікте үйінділердің астынан екі адамның денесі табылды. Оларды басқа заңсыз алтын іздеуші көріп, жоғарыға шығарған. Қайтыс болғандардың біреуі Бестөбе кенті, екіншісі Степногорск қаласының тұрғыны. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Ермек Елберген