ШҚО-да газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

26.06.2023

Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха қаласында газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды.

Еске сала кетейік, 22 маусымда болған оқыс оқиғадан 4 адам жарақат алып,бірнеше көлік өртеніп кеткен болатын. Ауруханаға екі азамат содан кейін тағы бір әйел мен ер адам ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесін 100 пайыз күйік шалған екі адам көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат күрескен өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмаған. Ал екі науқастың жағдайы жақсарып келеді. Газдың нден жарылғаны әлі анықталмады. Тергеу жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу