Тауар тасымалы: Қазақстан мен БАӘ Каспий теңізінде порт инфрақұрылымын дамытуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауар тасымалы: Қазақстан мен БАӘ Каспий теңізінде порт инфрақұрылымын дамытуға келісті

16.01.2023

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бірлесіп, Каспийде теңіз бен порт инфрақұрылымын дамытады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Шамисимен кездесуінде белгілі болды. Компания «ҚазМұнайГаз»-бен серіктестік орнату жөнінде келісімге қол қояды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі толыққанды көлік хабына айналуға ниетті екенін және көлік бағыттарын әртараптандыру ісін жүргізіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін белсенді дамытып келеді. Мұхаммед әл-Шамиси кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспары туралы айтты. 

Ақерке Бектас



Хабарламаларға жазылу