Қысқы универсиада: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы универсиада: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп өнер көрсетті

14.01.2023

Лэйк-Плэсидте өтіп жатқан 30-шы Қысқы Универсиадада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп 10-шы орынға табан тіреді. Мұз үстінде билеуден жұптық сайыста Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев ел намысын қорғады. Олар 53.08 балл жинаған. Ал ерлер арасында екі қазақстандық спортшы сынға түсті. Сайыс барысында ел құрамасынан Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама бойынша 75,05 балл жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Қазақстандық тағы бір спортшы Диас Жиренбаев 60.89 баллмен 16-орынға жайғасты. Осылайша екеуі де еркін бағдарлама бойынша сайысқа қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынап жатыр. Дүниежүзілік қысқы универсиада қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында өтеді. Ойындарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу