Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдары негізінде дайындалған көптомдық Президентке таныстырылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин атқарылған жұмыс туралы баяндады. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия, архивтер мен жабық қорларда ауқымды зерттеу жүргізген. Құжат 31 томнан тұрады. Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру мен электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыра береді.
Асима Нұрбайқызы