Қызылорда облысында балықшы теңізге батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында балықшы теңізге батып кетті

12.01.2023

Қызылорда облысында балық аулауға шыққан тұрғын «УАЗ» автокөлігімен суға батып кетті. Оқыс оқиға Кіші Арал теңізінің Шөмішкөл балық аулау учаскесінде болған.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жедел құтқару жасағының сүңгуірлері су түбіне түсіп, жағалаудан жеті шақырым жерден алдымен автокөлікті тапқан. Біраз уақыттан кейін 60 жастағы балықшының мүрдесін су бетіне алып шықты.

Ал Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен балықшының қайтыс болғаны анықталды. 5 күн іздестіру шараларын жүргізген құтқарушылар оның мәйітін Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 3 шақырым жерде тауып алды.

Алдын ала болжам бойынша, балықшы қатты аязда үсіп қалған. Сол күні онымен көлге 2 досы барған. Бұл бойынша тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу