Маңғыстау облысында 2 балықшы іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 2 балықшы іздестіріліп жатыр

03.05.2022

Маңғыстау облысында 3 күннен бері 2 балықшы іздестіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 және 39 жастағы екі тұрғын 30 сәуір күні Ақшұқыр ауылы маңында темір қайықпен теңізге шығып, қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстары 1-мамырда басталды. Оған Әскери-теңіз күштері 29011 әскери бөлімінің қызметшілері, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Сондай-ақ, құтқарушылар мен жоғалғандардың туыстары Ми-870 тікұшағымен іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өкінішке қарай, балықшылар әлі табылмады.

Хабарламаларға жазылу