Ұлыбританияда мектеп мұғалімдері ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда мектеп мұғалімдері ереуілге шықты

12.01.2023

Ұлыбританияда былтырдан бері инфляция деңгейі төмендемей тұр. Бұған наразылық ретінде медбикелер, дәрігерлер, теміржолшылар мен басқа да сала қызметкерлері ереуілді тоқтатқан жоқ.

Сәрсенбіде жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Оларға бастауыш мектеп мұғалімдері қосылды. Келесі айда мемлекеттік қызметкерлер ереуіл ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Наразылық акциясына қатысып жатқандардың басты талабы - жалақыны көтеру.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу