Атырау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелді.
Олардың орташа жасы - 57. Екеуі мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме қызметкері. Кандидаттар арасында бір әйел адам бар. Мамандығы оқытушы.
Таңдаушылармен бірлескен отырыс сайлау күні Құрманғазы мәдениет үйінде өтеді.
Азамат Айманақұмов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
9 мәслихаттан барлығы 32 таңдаушы қатысады деп біз күтіп отырмыз. Осы таңдаушылардың тізімдері бұл күнтізбелік жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Жандос Темірғали