Қарағанды-Сұрыптау станциясында жұмысшыны көмір тиеген вагон басып қайтыс болды. Жүк пойызы вагондардың бірі рельстен шығып кетуі қайғылы жағдайға себеп болған,-дейді Еңбек инспекциясының өкілдері.
Осы сәтте вагондарды тіркеуші төменде жұмыс істеп жүрген. Ол алған ауыр жарақаттан жан тапсырған. Қазір инспекция тарапынан комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Руслан Нұрланұлы