Алматы облысынан Сенат сайлауына екі үміткер ғана қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысынан Сенат сайлауына екі үміткер ғана қатысады

11.01.2023

Алматы облысынан Парламент сенатына үміткер болған бес адамның екеуі ғана сайлауға қатысады. Бұған дейін екі азамат тиісті құжаттарын тапсырмағандықтан, тіркеуден өтпеді. Ал бір үміткер денсаулығына байланысты тіркеуден бас тарту өтінішін берген. Берілген өтініш негізінде облыстық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу жөніндегі шешімнің күші жойылды. Кандидаттар туралы толық ақпарат пен дауыс берушілер тізімі сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланған. Сайлау күні облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 204 депутаты өз таңдауын жасайды. Дауыс беру 14 қаңтар күні облыс орталығында өтеді.

Қазір дауыс беру күніне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мейрамгүл Айтова, Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Осы мақсатта ұйымдастыру, техникалық мәселелерді шешу, дауыс беру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау шаралары қабылдануда. Дауыс беру күні сайлауда саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылайды.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу