Сенат сайлауы: Алматы қаласынан 10 азамат өз кандитатурасын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауы: Алматы қаласынан 10 азамат өз кандитатурасын ұсынды

21.12.2022

2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін Сенат депутаттырының сайлауына Алматы қаласынан 10 азамат өз кандитатурасын ұсынды.

Олардың ең кішісі 31-де ал, үлкені 55 жаста. Депутаттыққа үміткерлердің төртеуі коммерциялық құрылымдардың, екеуі қоғамдық бірлестік өкілдері. Араларында мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері мен аудан әкімі де бар. Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, 7 кандидаттың сәйкестігі расталған. Үшеуі тиісті талаптарға сай болмай шыққан.

Айгүл Халықова, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

6 үміткерге қол қою парақтары берілді. Кандидатты кем дегенде қалалық Мәслихаттың төрт өкілі қолдауы тиіс. Қазір депуттыққа үміткер 5 азаматтың қажетті құжаттары алынып, тіркелді. Тағы екеуінің жинаған қолдары тексеріліп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталған соң,  үгіт-насихат кезеңі басталады. Ол 24 желтоқсанға дейін жалғасады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу