ШҚО-да жылқы атқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жылқы атқандар ұсталды

11.01.2023

Шығыс Қазақстан облысында тебінде жүрген жылқыны атып, етін базарға өткізіп жүрген ұрылар ұсталды. Полиция қызметкерлері Шешек асуында шамадан тыс жүгі бар автокөлікті тоқтатқан. Оның ішінде еш құжатсыз бөлшектенген жылқы еті шыққан.

Оған қоса полиция қызметкерлері мылтықты да байқап қалады. Күдіктілерді тергеп-тексере келе олар түн ортасында Ұлан ауданындағы Мамай батыр ауылы маңында өрістегі жылқыны атып алып, Өскемендегі базардың біріне апарып өткізбек болғандарын мойындаған.

Күдіктілер Ұлан ауданы аумағында бұрын да мал ұрлағандары анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу