Сенат сайлауы: Павлодарда кандидатттардың бірі тізімнен шығару үшін өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауы: Павлодарда кандидатттардың бірі тізімнен шығару үшін өтініш берді

11.01.2023

Павлодар облысында Парламент Сенатының депутаттығына үміткерді сайлау үшін жергілікті мәслихаттардың 187-і депутаты дауыс береді. Бұл жөнінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Ресми тіркелген үш азаматтың бірі - Успенка ауданының әкімі. Николай Дычко кеше өзін кандидаттық тізімнен шығару үшін өтініш берген. Қанағаттандырылды. Сөйтіп Сенатор болудан дәмелі екі адам қалды. Бірі облыстық мәслихаттың хатшысы, ал екіншісі облыстық мәслихат депутаты.

Гүлнар Аманжолова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:

Павлодар облысы бойынша бастапқыда 5 адам үміткер ретінде тіркелуге өтініш берді. 4-еуі өзін-өзі ұсынса, бір азамат үш аудандық мәслихат сессиясының шешімімен түсіп отыр. Олардың үшеуі ғана ресми тіркелді. Бір үміткер өз еркімен сайлауға түсуден бас тартқандықтан, дауыс беру бюллетенінде екі-ақ адам болады.

Хабарламаларға жазылу