Мақұлданбаған вакцина. Коронавирусқа қарсы отандық «QAZVAC» препаратын зерттеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Қазақстанға келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның алқа отырысында айтты.
Жыл бойы атқарған жұмысына есеп берген шенеунік маман тапшылығын жою үшін білім гранттарының саны көбейтілгенін жеткізді. Сондай-ақ, халықпен кездесіп, қордаланған мәселелерін тыңдаған ол проблеманы шешу үшін жұмысты бастап кетіпті.
Жыл бойы атқарған жұмысына есеп берген шенеунік маман тапшылығын жою үшін білім гранттарының саны көбейтілгенін жеткізді. Сондай-ақ, халықпен кездесіп, қордаланған мәселелерін тыңдаған ол проблеманы шешу үшін жұмысты бастап кетіпті.
Денсаулық сақтау саласының өткен жылдағы ірі жетістігінің бірі - халықтың өмір сүру жасы ұзарды. Өлім-жітім былтырмен салыстырғанда 3 есе азайған. Ана мен бала өлімі де айтарлықтай төмендеді, дейді елдің бас дәрігері Ажар Ғиният. Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жақсарту төңірегінде қабылданған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырып жатқанын айтады. Оның ішінде ең өткір тұрған мәселе - дәрігер тапшылығын жою жайы да қарастырылған.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қазіргі уақытта республикада денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы мәселесі тұр. Қажеттілігі жеті мыңнан астам, оның ішінде 4 мыңдай дәрігер жетіспейді. Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жіті тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылы республикалық бюджет есебінен 4700 білім беру гранты, оның ішінде 1500 резидентураға грант бөлінген болатын.
98 МЫҢНАН АСА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА ЕМ-ШАРАНЫ УАҚЫТЫНДА ҚАБЫЛДАМАЙДЫ
Елде 98 мыңнан аса баланың мүмкіндігі шектеулі. Оларды уақтылы, тұрақты түрде оңалтса, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік бар. Ол үшін аудандар мен ауылдарда оңалту орталықтарын ашу керек. Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева осылай деді. Қазір мұндай мүмкіндікке ие болу үшін ата-аналар жылдап кезекке тұруға мәжбүр. Сонда да тұрақты сауықтырудан өтіп тұруға мүмкіндік жоқ, дейді. Өйткені, кезек тек 4 жылда бір келеді. Депутат сонымен бірге ауруханаларда МРТ аппаратының жетіспейтінін жеткізді. Қазір мұндай құрылғы Жамбыл облыстық балалар ауруханасында ғана бар. Ал Ақтөбедегісі жұмыс істемейді. Соның салдарынан ата-аналар балаларын МРТ-ға түсіру үшін Астанаға келеді. Бұған қатысты Алтай Көлігінов әкімдерге тапсырма берді.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Бүкіл әкімшіліктер осы міндетті орындау керексіздер. Себебі, біздің елімізде осы оңалту қызметіне мұқтаж балалардың саны баршылық. Соның бәрін қамтамасыз етуіміз керек. Өңір әкімдіктеріне осындай тапсырма береміз. Хаттамада бекітіп, мерзімі бірінші жартыжылдықта орындау керек.
ҚАЗАҚСТАНҒА ДДСҰ ӨКІЛДЕРІ «QAZVAC-ТЫ» ТЕКСЕРУГЕ КЕЛЕДІ
Сәуірде елге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы комиссиясы келеді. Олар коронавирусқа қарсы екпені мұқият зерттейді. Сатылы тексерістен кейін жыл соңына дейін препаратты тіркеу яки тіркемеу туралы шешім қабылдайды, дейді Ажар Ғиният.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмыстары сатылы түрде кезең-кезеңімен өтеді. Сәуір айында келетін комиссия жан-жақты тексереді, әр түрлі анализдер алады.
ПАРАЦЕТАМОЛ ТАПШЫ: МИНИСТР АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
Бұдан бөлек, Петропавлда парацетамол тапшы. Аталған препаратты қаладағы 200-ге тарта дәріхананың біреуінен ғана табуға болады. Фармацевттердің айтуынша, қазіргі қор бірер аптаға ғана жетеді. Дәрінің бағасы қымбаттамаған, біреуі 85 теңгеден саудаланып жатыр.
Евгения Сенченко, фармацевт:
Күніне орта есеппен 300-400 адам парацетамол іздеп келеді. Біз дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын болжап, күзде көп алып қойғанбыз.
Дегенмен, Денсаулық сақтау министрі мұны жоққа шығарды. Дәрі бүкіл Қазақстан бойынша жеткілікті екенін алға тартты.
Асылбек Данияр