Қытайдың Хэнань провинциясында 88,5 млн адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Хэнань провинциясында 88,5 млн адам коронавирус жұқтырды

10.01.2023

Қытайда халқының саны бойынша үшінші орында тұрған Хэнань провинциясында 88,5 млн адам коронавирус жұқтырды. Яғни аймақ тұрғындарының 90 пайызға жуығы ковидке шалдықты.

Бұны Хэнаньнның денсаулық сақтау өкілі айтқан. Қытай үкіметі «нөл-ковид» саясатын желтоқсанның 7-де тоқтата бастады. Содан бері елде коронавирус қайта өршіп, кейбір госпитальдер науқастарға толды.

Алайда орталықтағы биліктің дерегінше, халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен Қытайда желтоқсанның алғашқы аптасынан бері 120 мың адам ғана ковид жұқтырып, үшеуі қайтыс болған.

Осы айдың соңында Қытайда шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі басталады. Сол кезде жүздеген миллион адам ірі қалалардан ауылдарға аттанып, елде вирус тіпті өршуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу