Екібастұздық балалар тегін демалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздық балалар тегін демалды

10.01.2023

Екібастұз қаласында тұратын 400-ден астам бала қысқы демалысты Ақмола облысындағы балалар лагерлерінде өткізді. Зеренді мен Бурабайдағы демалыс оқушылар үшін тегін ұйымдастырылды.

Олар түрлі іс-шараға қатысып, шаңғы, коньки тепті. Табиғат аясында серуендеуге шықты. Оларға жаңажылдық сыйлықтар да берілді. Жалпы республика бойынша екібастұздық бір мыңнан аса бала қысқы демалыс орындарында болды.

Арайлым Байсанатова, оқушы:

Мұнда біз поездбен келдік. Тіпті сол поезда да қызық болды. Барлығымыз таныстық, ойнадық. Ал Бурабайдағы демалыс өте керемет. Бізге жолдама берілгеніне қуаныштымын. Үлкен алғыс айтамын. Маған, әсіресе биіктен сырғанау қатты ұнады. Таныстығымыз Екібастұзда да жалғасады деп ойлаймын.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу