Украинаның шығысындағы Соледар үшін шайқас жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның шығысындағы Соледар үшін шайқас жүріп жатыр

10.01.2023

Украинаның шығысындағы Соледар қаласы үшін жойқын шайқас жүріп жатыр.

Мұны президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Оның сөзінше, Соледарды алу үшін ресейліктер үлкен шабуылға кіріскен. Ал Украина өз жауынгерлеріне көмекке қосымша күш аттандырып жатыр. Соледар Донецк облысында орналасқан.

Және де қазір Ресейдің «Вагнер» тобының жасақтары осы маңдағы Бахмут қаласын да алуға әрекет жасап жатыр. Сондағы мақсаттары – екі елді мекенді бағындырып, әрі қарай Краматорск және Славянск қалаларын жаулау.

«Рейтер» агенттгінің мәліметінше, соңғы күндері екі жақтың да әскері үлкен шығынға ұшырап, Соледар мен Бахмутта сау ғимарат қалмаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу