Биыл іскерлік белсенділік бәсеңдейді – әлем сарапшылары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл іскерлік белсенділік бәсеңдейді – әлем сарапшылары

09.01.2023

2023 жыл жаһан экономикасы үшін қиын болмақ. Әлемнің белді сарапшылары осындай болжам айтып отыр. Басты себеп - жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күштері АҚШ, Еуропа және Қытайда іскерлік белсенділік бәсеңдемек. 

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

2023 жылы жаһандық экономика рецессияға түседі. Белді экономикалық институттар мен сарапшылардың болжамы осындай. Оның негізгі екі себебі бар. Біріншіден пандемия әлі еңсерілген жоқ, екіншіден, Украиндағы соғыс жағдайды тіпті ушықтыра түспек.

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның айтуынша, әлемдік экономиканың үштен бір бөлігі «рецессияға ұшырайды». Яғни, ахуал былтырғыдан да күрделі болмақ. 2022 жылы жаһандық өсім 3,2 пайызды көрсетсе биыл 2,7 пайызға дейін қысқарауы мүмкін. Десе де бұл болжам былтыр қазан айында жасалған. Сондықтан Халықаралық Валта қоры есеп қисабын қайта жүргізбек.

Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

2023 жылы бірнеше ірі экономиканың өсу қарқыны төмендейді. Қымбатшылық, жеткізілім тізбегінің бұзылуы, пайыздық мөлшерлемелердің өсуі және Украинадағы қақтығыс әлемдік экономикаға кері ықпал етеді. Сондықтан жаһандық өсім 2.7 пайыздан да төмен болуы мүмкін.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Қытай экономикасы былтыр соңғы қырық жылда алғаш рет күрт бәсеңдеді. Биыл да бұл тенденция сақталатын секілді. Халықаралық валюта қоры Қытайдың даму көрсеткші жаһандық экномикалық өсімнен де төмен болуы ықтимал деп санайды. Бұған негізінен ковид әсер етсе, Европа әлеуеті Ресей Украина соғысының созылуы салдарынан әлсірей түспек.

Яғни, мұнай газдың қымбаттауы экономикалық белсенділікті бәсеңдетеді. Еуропаның Орталық банкі 2023 жылы кәрі құрлық экономикасы 0,5 пайыздан аспайды деп болжады.

Атақты Moody's-тің пайымынша, АҚШ та биыл экономикалық өсім тоқтайды. Себебі, Федералдық резерв яғни, Американың орталық банкі былтыр тоғыз пайызға дейін шарықтаған инфляцияны пандемиядан бұрынғы екі пайыздық деңгейге дейін түсіру үшін пайыздық мөлшерлемені агрессивті түрде көтеруді жалғастыра беруі мүмкін.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Демек, несиенің қымбаттығы бизнестің кеңеюуіне тосқауыл болып, экономиканың дамуына кедергі келтірмек. Алайда, сарапшылар әлемдік экономканың үштен бірін құрайтын АҚШ рессесияға түспейді деп санайды. Өйткені, тоқсан сайын жүз мыңдаған адам жұмыспен қамтылып, еңбек нарығы тұрақтылықты көрсетіп тұр.

Хабарламаларға жазылу