Бүгін елорданың сауда орталықтарының бірінде «Аяулы ана» атты сурет көрмесінің ашылуы болды. Шара «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен іске асты.
«Шара қоғамдағы аналардың рөлін айшықтауға бағытталған»,- дейді «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашев. Оның айтуынша, аналарға құрмет көрсету үшін 8-наурыз күні аздық етеді.