Агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

09.01.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды. Оны бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен ұстады. Жедел-тергеу жалғасады.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді комитет өкілдері. Еске сала кетейік, Мақсат Қожабаев өткен жылы 21 сәуірде Президент өкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған болатын. 


Хабарламаларға жазылу