Міндетті медициналық сақтандыру талаптары өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті медициналық сақтандыру талаптары өзгерді

09.01.2023

Биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Бұл ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің артуымен байланысты.

Атап айтсақ жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ ол 21 000 теңгеден аспауы тиіс. Жалдамалы жұмыскерлер табысының 2 процентін сақтандыруға аударады. Бірақ жарна ұсталатын табыс көлемі – 14 мың теңгеден жоғары болмауы қажет.

Жеке кәсіпкерлер болса, 4900 теңге төлейді. Бүгінде ел бойынша 3 миллион адам әлі де сақтандыру мәртебесін алмаған.

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» кеақ алматы филиалы директоры:

Бүгінгі таңда Алматы қаласында сақтандыру мәртебесін алмаған 432 мың адам бар. Осы 432 мың адам осы жаңалықтарды ескере отырып, сақтандыру статустарын алғандарын біз қалаған болар едік. Себебі медициналық сақтандыру қоры пакетінің аясында 2 мыңға жуық қызмет көрсетіледі.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу