Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

09.01.2023

Алматы облысында ірі есірткі зертханасынан 30 келі мефедрон табылды. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе жүргізген іс-шаралар барысында Алматы облысында орналасқан жасырын есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды.

Зертхананы тінту барысында 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактив табылып, тәркіленді.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

Бүгінгі таңда синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арнасы және басқа да сыбайластарды анықтайтын тергеу шаралары жүріп жатыр. Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу