Бүгін - Халықаралық балалар кітабы күні.
Осыған орай, Алматыдағы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы үш бөлімнен тұратын «Сиқырлы және ғажайып әлем» атты шара өткізді.
Көптеген елдерде бұл мереке қарсаңында апталықтар, жазушылармен кездесулер және кітап көрмелері өткізіледі.
Интерактивті бағдарламада балалар «Алдар көсе», «Аладдин», «Алтын балық», «Толағай» сияқты ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, қызықты ойындар ойнады.
Құлмахан САЛЫБЕК