Ақмола облысынан Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Тіркелген кандидаттың үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Үміткердің біреуі - басқарма басшысы, екіншісі - облыстық мәслихат хатшысы, үшіншісі - қосымша білім беру ұйымының жетекшісі. Олар мәслихат депутаттарымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып жүр. Үгіт-насихат жұмысы 13-ші қаңтарға дейін жалғасады. Ақмола облысында 234 мәслихат депутаты бар. Олардың барлығы Көкшетауға келіп бір жерде дауыс береді.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Сағат 11-де басталады. Біткеннен кейін қорытындылап айтатын боламыз. Кім-кімге дауыс берді, бәрі жиналған кезде хабарлап айтамыз.
Ермек Елберген