Қарғандыда 3 күнде жолда қалған 300 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарғандыда 3 күнде жолда қалған 300 адам құтқарылды

05.01.2023

Қарағанды облысында өткен тәулікте жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды. Олардың 18-і бала. Сондай-ақ ескертуге құлақ аспай балық аулауға шығып кетіп, боранда адасқан азамат аман есен-табылды.

1970 жылғы азамат өзінің 14 жасар баласымен кеше Ащысу қоймасына бармақшы болған. Алайда жолда қарға батып, түні бойы көлікте отырған. Жанармай таусылған соң жаяулатып қайтқан. Абырой болғанда оларды құтқарушылар су қоймасынан 3 шақырым жерден дін аман тауып алды. Өңір аумағында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 күн бойы барлық бағыттағы жолдар жабық болды.

Бүгін кейбір бағыт ашылып, патрульдік бекеттерде жиналып қалған көліктер сапарларын жалғасырып жатыр. Соңғы үш күндегі боранда барлығы 300-ден астам жолаушы, 100-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылған. Құтқарылғандардың арасында шетел азаматтары да бар.

Садур Матикубов, Өзбекстан республикасының азаматы:

Біз кәмелет жасқа толмағын үш баламызбен Ресейден -Тәшкентке бара жатқанбыз. Алайда боран басталып кетті. Түк көрінбей, көлігіміз қар құрсауында қалды. Төтенше жағдай қызметкерлеріне рахмет! Хабарласып едік , олар бізге дереу көмектесті. Енді мұндай ауа-райында тәуекел етпейтін болдым.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу