Шымкентте жылу энергоорталығына күрделі жөндеу жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жылу энергоорталығына күрделі жөндеу жүргізіледі

04.01.2023

Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз етіп отырған 3-жылуэнерго орталығына биыл күрделі жөндеу жүргізіледі. Орталық басшысы бұл туралы кәсіпорын жұмысымен танысуға келген Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қаппароваға айтып берді.

Жоспар бойынша күрделі жөндеу былтыр басталуы тиіс болған. Алайда әлемдегі геосаяси аухалға байланысты қажетті материалдар кеш жеткізілген. Жоба кестеге сай жүзеге асса, жылу энергоорталығының техникалық мүмкіндігі жақсарады. Қуаттылығы артады. Энергия өндіру көлемі көбейеді.

Айгүл Қаппарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қаланы жылумен қамтамасыз ету өте өзекті мәселе. Газды шетелден қымбат бағаға аламыз деп отыр. Сонан соң тариф бірнеше жылдан бері көтерілмеген. Олар бір бағаны әлі ұстап отыр.
Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу