Оралда азаматтық қызметкерлердің жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда азаматтық қызметкерлердің жалақысы өседі

29.12.2022

Оралда келер жылдан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысы 22%-ға өседі. Бұған қалалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Азаматтық қызметкерлер санатына білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласындағы барлық маман кіреді.

Орташа айлық 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге көтеріледі. Ал мәдениет қызметкерлері жалақысына соңғы үш жылдан бері жыл сайын 35 % үстемақы қосылып келеді.

Альмира Төлегенова, қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:

Келесі жылға 1 млрд теңгеден астам үстемақы қаражат қаралды. Орташа айлықтары: жұмыспен қамту саласы мамандарының жалақысы - 210 мың теңге, техникалық қызметкерлердің жалақысы - 85 мың теңге және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы - 250 мың теңге көлемінде болады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу