БЖЗҚ: Қордағы қаржыны жеке компаниялардың басқаруына беруге рұқсат берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БЖЗҚ: Қордағы қаржыны жеке компаниялардың басқаруына беруге рұқсат берілмек

27.12.2022

Біріңғай жинақтық зейнетақы қорындағы қаржыны жеке компаниялардың басқаруына беруге рұқсат берілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша әлеуметтік кодекске осындай түзетулер енгізілгелі жатыр. Оған сай ел азаматтары зейнетақы қорындағы жинағының 50 пайызын өзге қорларға аударуға мүмкіндік алмақ. Тамара Дүйсенованың айтуынша осы арқылы азаматтар қаржысын тиімді инвестициялап, көбейте алады. Бірақ ескеретін маңызды нәрсе бар. Зейнетақы қорындағы жинақтың 50 пайызын жеке компанияға аударған бойда, ол ақшаның сақталуына мемлекет кепілдік бермейді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу